Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 142

Төрт жұп топ алдына шығады

<p style="text-align: justify;">18 шілдеде Алматыда MTK Global компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтетінін бұған дейін жазған едік. Бүгінде сол кеште өнер көрсететін төрт жұп анықталды.</p>

Төрт жұп топ алдына шығады

Жалпы, Алматыдағы жекпе-жекте тек қазақстандық боксшылар жұдырық­тасады. Мәселен, басты жекпе-жекте шаршы алаңда әлі ешкімнен жеңілмеген қазақтың екі мықтысы – Дәурен Елеусінов пен Ар­ман Рысбек бақ сынасады. Екеуінің де әуесқойлар арасында қол жеткізген табыстары елеулі. Бір қызығы, әуесқой бокс­та олар бір-бірімен екі жекпе-жек өткі­зіп, екеуі де бір-бір мәрте жеңіске жеткен.

Сондай-ақ жуырда ғана кәсіпқой бокс­қа ауысқан жасөспірімдер арасындағы Олим­пиаданың күміс жүлдегері Талғат Шәйкен кәсіпқой бокста бес жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған Берікбай Нұрымбетовпен, ал Азия чемпионы Тұрсын­бай Құлахмет Сағадат Рақманқұлмен жұды­рықтасады. Сағадат бүгінге дейін алты рет шар­шы алаңға шығып, төрт рет жеңіске жетіп, екі рет жеңілген.

Төртінші жұпта Сапарбай Айдаров пен Абай Төлеш кім мықтыны анықтайды. Екеуі де өте тәжірибелі боксшылар. Әуес­қой бокста С.Айдаров 2013 жылы 75 кило­да ел чемпионы атанса, А.Төлеш те осы салмақта 2017 жылы топ жарған. Кәсіп­қой рингте Абай бес кездесу өткізіп, барлығында үстемдік танытты. Сапарбай да жеңілістің кермек дәмін татқан емес. Төрт жекпе-жектің екеуінде ол қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бөлісу:
Төрт жұп топ алдына шығады · Egemen Qazaqstan