Спорт
1 мин оқу 115
Агапованың UFC ұйымындағы екінші қарсыласы анықталы
<p>UFC ұйымында өнер көрсететін отандасымыз Мария Агапованың екінші кездесуі қашан және қарсыласы кім болатыны белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық спортшы екінші кездесуін 22-тамызда өткізеді. Ал оның қарсыласы Шана Добсон болады. Бірақ кездесудің қай жерде өтетіні әлі анықталған жоқ.
Агапова өзінің бірінші жекпе-жегін 14-маусым күні Лас-Вегас қаласында UFC Fight Night 172 турнирінде өткізіп, америкалық ару Ханна Сайферстен үстем түсті. Бұл UFC ұйымындағы қазақ спортшысының бірінші жеңісі болып тіркелді.
Кездесуден кейін Мария бірден Шана Добсонды жекпе-жекке шақыртты. Көп ұзатпай 31 жастағы Добсон кездесуді қабыл алыпты.
Бөлісу:
