Әлем
1 мин оқу 290
Қырғызстанның экс-президенті 11 жылға сотталды
<p style="text-align: justify;">Бішкек қаласындағы Первомай аудандық сотында Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жемқорлық істеріне қатысты сот отырысы өтті, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Кабар агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Бүгін қылмыстық іске қатысты соңғы сот отырысы өтті. Первомай аудандық сотының шешімімен Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ҚР Қылмыстық кодексі 43 бап 2 тармағы және 312 бап 2 тармағы бойынша айыпты деп танылып, 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Оның барлық мемлекеттік марапаттары мен дүние-мүлкі тәркіленді.
Айта кету керек, сот отырысына Атамбаевтың өзі қатысқан жоқ.
Бөлісу:
