Президент
1 мин оқу 180

Президент: Бейбіт жиындарға қатысу – Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы

<p style="text-align: justify;">Митинг ұйымдастырушылардан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбау талап етіледі. Бұл туралы&nbsp;Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" басылымына берген сұқбатында айтты, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президент: Бейбіт жиындарға қатысу – Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы

"Бейбіт жиындар мен митингтерге қатысу – Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы. Ата заңымыздың кепілі ре­тінде азаматтардың құқығын толық қамтамасыз ету – менің міндетім. Бұл жөнінде былтырғы Жолдауымда айттым. Парламент "Бейбіт жиындар туралы" жаңа заң қабылдады. Қоғамдық сараптамадан өткен аталған заң – менің ойымша, еліміздегі демократия­ны ілгерілету үшін жасалған маңызды қадам", деді Президент "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында.

Осы орайда ол бейбіт жиындарды өткізу үшін рұқсат сұрамай-ақ, бес күн бұрын жергілікті билікке ескертсе жеткілікті екенін айтып өтті.

"Осындай жиындарды өткізу үшін бірқатар арнайы орын бөлінді. Митинг ұйымдастырушылардан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбау талап етіледі. Сондай-ақ олар Конституцияға қайшы келетін үндеулермен шықпауы, ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық туғызбауы қажет. Бұл – қалыпты жағдай. Әсіресе АҚШ-та және басқа да дамыған елдерде болған соңғы оқиғаларды ескеру керек", - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Президент: Бейбіт жиындарға қатысу – Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы · Egemen Qazaqstan