Спорт
1 мин оқу 211

Толық тізім жарияланды

<p style="text-align: justify;">MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы 18 шілдеде Алматыда өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын боксшылардың толық тізімін жариялады.</p>

Толық тізім жарияланды

Бұған дейін жазғанымыздай бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңілістің кермек дәмін татпаған екі боксшымыз – Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) пен Арман Рысбек (7-0, 6 КО) өнер көрсетеді. Сонымен қатар тағы екі боксшымыз кәсіпқой бокстағы тыр­нақалды кездесуін өткізеді. Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой рингтегі алғашқы айқасында Сағадат Рахманқұлмен (6-1-0, 4 КО), жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Талғат Шайкен Берікбай Нұрымбетовпен (5-0, 1 KO) кездеседі.

Сондай-ақ бокс кешінде Сапарбай Айдаров (4-0-­0) пен Абай Төлеш (5-0-0), Нұржан Мақашбаев (0-0-2) пен Нұрдос Төлебай (2-0-0), Лунара Альхамова (дебют) мен Жансая Рахымберді (1-0-0), Талғат Бертілеуов (0-1-0) пен Рай Сейітжанов (2-0-0), Қанағат Қартбаев (1-0-0) пен Ақниет Қазиев (0-1-0), Қанат Саңғыл (дебют) мен Айдос Медет (3-0-0), Нұрслан Сабыров (дебют) пен Қанағат Манатұлы (1-0-0) және Бектас Қасенай (1-0-0) мен Заманбек Данабеков
(1-0-0) сынға түседі.

Айта кетейік, бокс кеші көрермендердің қаты­суынсыз және барлық санитария талаптарын сақтай отырып өтеді. Жекпе-жектерді АҚШ-та ESPN+, Қазақ­станда QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бөлісу:
Толық тізім жарияланды · Egemen Qazaqstan