Экология
1 мин оқу 581

Еліміздің солтүстігінде 28-29 маусымда ауа райы күрт бұзылады

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысындағы "Қазгидромет" деректері бойынша 2020 жылдың 28 маусым 21:00-ден 29 маусым 21:00 аралығында ауа райы күрт бұзылады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Түнде 29 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 29 маусымда кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

29 маусым күні түнде Петропавл қаласында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Сонымен бірге тәулік бойы батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Бөлісу:
Еліміздің солтүстігінде 28-29 маусымда ауа райы күрт бұзылады · Egemen Qazaqstan