Президент
1 мин оқу 360

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті 63 жасқа толған туған күнімен құттықтап, бауырлас Түрікменстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейде нығайта беруге бейілді екенін нақтылады. Сонымен қатар стратегиялық серіктестікті дамытуға, әсіресе, сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты арттыруға оңтайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау көрсетіп, жеделхат жолдағаны үшін ризашылық білдірді.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті · Egemen Qazaqstan