Медицина
1 мин оқу 500

Батыс Моңғолияда бубонды обаға карантин енгізілді

<p style="text-align: justify;">Central Asia (MNG) &minus; бубон обасы туралы хабарлағаннан кейін Батыс Моңғолиядағы Ховд аймағының екі сомында карантин шаралары жарияланды. Карантин 29 маусымда сағат 10:00-де басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Зоонозов ұлттық орталығының (НЦЗ) ақпаратына сәйкес, Ховд аймағындағы Цэцэгтің 27 жастағы тұрғыны суыр етін жегеннен кейін жексенбі күні ауруханаға жеткізілді. Әйел адамға арнайы ем-дом жүргізілсе де, қазіргі жағдайы өте қиын. Ол 60-тан астам адаммен тікелей және 400-ге жуық адаммен жанама байналыста болған.

Осыған дейін 2019 жылдың сәуір айында көрші Батыс моңғол аймағының Баян-Өлгийінде бубон обасынан ерлі-зайыптылар қайтыс болған.

Бубон обасы − жабайы кеміргіштерде өмір сүретін бүргімен берілетін бактериялық ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл ауру ересектерді 24 сағат аралығында емдемесе, аз уақыт ішінде өліп кетуі мүмкін.

Бөлісу:
Батыс Моңғолияда бубонды обаға карантин енгізілді · Egemen Qazaqstan