Спорт
1 мин оқу 280

Жарыс кестесіне өзгеріс енгізілді

<p style="text-align: justify;">COVID-19 індетіне байланысты Олим&shy;пия ойындары кейінге шегеріл&shy;геннен соң Халықаралық гимнастика федерациясы жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.</p>

Жарыс кестесіне өзгеріс енгізілді

Жаңартылған күнтізбеге сәйкес, көркем гимнастикадан бірінші әлем кезеңінің өтетін уақыты белгілі болды. Бастапқыда атал­ған дода­лар кейінге шегерілген болатын. Нәти­жесін­де, барлық кезең 2021 жылға ауыс­ты­рыл­ды.

Кесте бойынша келесі жылғы әлем кубо­гы­ның жарыстары мына қалаларда өтеді: София (Болгария) – 2021 жылдың 9-11 сәуірі, Ташкент (Өзбекстан) – 2021 жылдың 16-18 сәуірі, Баку (Әзербайжан) – 2021 жылдың 7-9 мамыры, Песаро (Италия) – 2021 жылдың 28-30 мамыры.

Бөлісу:
Жарыс кестесіне өзгеріс енгізілді · Egemen Qazaqstan