Жаңалықтар
1 мин оқу 260

Солтүстікте судья өзін атып өлтірді

11 10-AnzhiСолтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотының судьясы өзін аңшы мылтығымен атып өлтірді. Бұл туралы Meta.kzхабарлады.

Өз-өзін өлтірген судьяның жасы-64-те. Қазір оның өліміне себеп болған жайды құқық қорғау қызметкерлері анықтау үстінде. Алайда, осы оқиғаға байланысты облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Мадина Балғашұқова былай деді: «Аудандық соттың судьясы қатерлі ісікпен сырқаттанған болатын. Өзін жайсыз сезінгесін, күйзеліске шалынуы да мүмкін. Бірақ, нақты тұжырым жасауға әлі ертерек. Біз оның өліміне қатысты деректі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін айтатын боламыз».

Бүгін оның қатысуымен сот отырысын өткізу беліленген екен. Енді кейінгі шегерілген істі басқа судья қарайтын болып ұйғарылды.

Бақытбек Кенешұлы.

Бөлісу:
Солтүстікте судья өзін атып өлтірді · Egemen Qazaqstan