Спорт
1 мин оқу 155

Арнайы Олимпиада Қазанда өтеді

<p style="text-align: justify;">Ақыл-есі кем спортшылар арасында ұйымдастырылатын 2022 жылғы Қысқы Олимпия ойындарын Ресейдің Қазан қаласы қабылдайды. Мұндай арнайы Олимпиада соңғы рет 2017 жылы Аустрияда өткен еді.</p>

Арнайы Олимпиада Қазанда өтеді

«2022 жылғы ойындар Special Olympics International ұранымен өтетін алғашқы халықаралық шара болмақ. Ойындар мың жылдық тарихы бар Татарстан астанасы – Қазан қаласында өтеді. Қазан соңғы 10 жылдың ішінде ірі спорттық шараларды: 2013 жылғы Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданы, 2015 жылғы су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатын, футболдан әлем чемпионатының матчтарын өткізген болатын», делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Жалпы, Қысқы ойындарға 108 мем­лекеттің екі мыңға жуық спортшысы қатысады деп жоспарланған.

Бөлісу:
Арнайы Олимпиада Қазанда өтеді · Egemen Qazaqstan