Қазақстан
1 мин оқу 182

Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин кезінде жұмысын жалғастырады

<p style="text-align: justify;">ХҚО-ның жабылуы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты, қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті.&nbsp;Бұл туралы "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин кезінде жұмысын жалғастырады

"Азаматтарды дүрбелеңге берілмеуге шақырамыз. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ХҚО-лар шектеу шаралары енгізілгеннен кейін де санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырады.

Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шаралары қабылданып, фронт-офис ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмауға бағытталған жұмыстар қолға алынған.

Бүгінде облыс орталықтарының, республикалық маңызы бар қалалардың және кейбір аудан  ХҚО-ларында қызметтерді тек алдын ала брон жасау арқылы ғана алуға болады. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады. 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз, тек "қағаз" қызметтер (100-ден астам қызмет) көрсетіледі.

Мұның бәрі азаматтардың көптеп жиналуын болдырмауға және вирус жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған.

Осыған байланысты, қазақстандықтарға, мүмкіндіктерінше, ХҚО-ға барудан бас тартуға және балама әдістерді қолдана отырып, қызметтерді онлайн алуға кеңес береміз, яғни. egov.kz порталын, eGovMobile мобильді қосымшасын немесе eGovKzBot2.0 телеграм-ботын қолдануға шақырамыз.

Жақындарыңыз бен өз денсаулығыңызға сақ болыңыз", - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин кезінде жұмысын жалғастырады · Egemen Qazaqstan