Атырауда бір күнде 2 адам суға батты
<p style="text-align: justify;">Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында тұратын екі тұрғынның 4 шілдеде Сағыз өзеніне барған сапары қайғылы оқиғаға ұласты, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Мұқыр ауылының 1985 және 2005 жылғы тұрғындары Сағыз өзеніне шомылуға барған. Алайда, олар өзеннің арнайы жабдықталмаған жерінде шомылып, суға кеткен. Бүгін, 5 шілдеде сағат 00:30 шамасында Қызылқоға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар суға кеткендердің денесін тауып, өзеннен шығарды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Департамент қызметкерлерінің сөзінше, осындай қайғылы оқиға қауіпсіздік шараларын сақтамаудан болып отыр. Өйткені, тұрғындар көбінесе арнайы жабдықталмаған жерде жиі шомылады.
