Спорт
1 мин оқу 204

Тағы да уақытша тоқтатылды

<p style="text-align: justify;">Коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде қайта басталған еді. Алайда арада екі-үш күн өткенде біріншіліктің тағы да екі апта кейінге шегерілді.</p>

Тағы да уақытша тоқтатылды

Баршаға мәлім, елдегі эпидемиялық жағдайдың ушығуына және COVID-19 вирусымен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу Мемлекеттік ко­миссияның шешімімен елде 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге созылатын бірқатар шектеу енгізілді. Шектеу талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Эпидемиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты шектеу шаралары тағы да 2 аптаға созылуы немесе күшейтілуі мүмкін.

Осыған орай OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты 14 күнге тоқтатылды. Егер эпидемиялық жағдай ушығып жатса, аталған үзіліс созылуы мүмкін.

Бөлісу:
Тағы да уақытша тоқтатылды · Egemen Qazaqstan