Аймақтар
1 мин оқу 221

Шарль де Голль және Сарайшық көшелері 19 шілдеге дейін жабылады

<p style="text-align: justify;">Көлік жүргізушілері кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің <a href="http://astana.gov.kz/kz">ресми сайтына </a>сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

Жол желісін орташа жөндеу аясында М2 көпір құрылымында (Амман көшесі – Мәңгілік Ел даңғылы) Шарль де Голль көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 10-19 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалысты ішінара тоқтату жоспарланған. "Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Бөлісу: