Президент
1 мин оқу 253

Президент шағын бизнесі жабылып жатқан өңірлерді атады

<p>Бірқатар өңір жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес санының қысқаруына жол беріп отыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды<a href="https://egemen.kz/"> Egemen.kz</a> Ақорда баспасөз қызметінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.</p>

"Шағын және орта бизнесті қолдау үшін дағдарысқа қарсы бірқатар теңдессіз шара қабылданды. Дегенмен, өңірлердің басым бөлігінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері санының қысқаруына жол берілген", - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің дерегінше, мұндай олқылық 8 өңірде орын алған. Ал Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында ШОБ саны қатты қысқарып кеткен.

Айта кетейік, видеобайланыс арқылы өтіп жатқан жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді.

Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылды.

Бөлісу:
Президент шағын бизнесі жабылып жатқан өңірлерді атады · Egemen Qazaqstan