Жарнама
 
Білім
1 мин оқу 3,232

Бұл шешімге титтей де өкінбеймін - Асхат Аймағамбетов

<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов журналистермен онлайн кездесу өткізді.&nbsp;Білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелерге байланысты сұрақтарға жауап берген ол&nbsp;пандемия кезіндегі қабылданған шешімдерге өкінбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

"Әу баста халықтың басым көпшілігі төртінші тоқсанды шілде-тамыз айларына ауыстыруды сұраған еді. Тіпті кейбірі оқу жылын аяқтай салуды ұсынған. Алайда осындай пікірлерге қарамастан біз оқуды қашықтан жалғастыру туралы шешім қабылдадық", - деді Асхат Аймағамбетов.

Министр бұл шешімнің оң болғанын айтты.

"Бұл шешімге титтей де өкінбеймін. Толығымен дұрыс деп есептеймін. Сол кездегі ұсыныстарға құлақ асқанда қазіргі шілде айында жағдайымыз қалай болар еді – елестете беріңіз", - деді ол.

Бөлісу:
Бұл шешімге титтей де өкінбеймін - Асхат Аймағамбетов · Egemen Qazaqstan