Аймақтар
1 мин оқу 130

Қостанайда тағы бір провизорлық госпиталь ашылды

<p style="text-align: justify;">Қостанайдағы "Достық" санаториясы бүгіннен бастап провизорлық госпиталь қызметіне кірісті. Стационар дәрігерлермен толық қамтылды, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Қостанайда тағы бір провизорлық госпиталь ашылды

100 төсек-орын қойылып, оттегі және қажетті құрылғылар мен медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер жеткізілді. Жаңа госпиталь кешкі сағат 20.00-де алғашқы науқастарды қабылдады. Бұл провизорлық стационардың жұмысын облыстық аурухана реттеп отырады, - деп хабарлады   денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл – облыс орталығында соңғы он шақты күннің ішінде ашылған үшінші провизорлық стационар.  

 Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанайда тағы бір провизорлық госпиталь ашылды · Egemen Qazaqstan