Пікір
1 мин оқу 164

Жауапкершілік танытайық

<p style="text-align: justify;">Бүгінде еліміз, жалпы бүкіл дүниежүзі ауыр кезеңді бастан өткізіп жатқаны белгілі. Өкінішке қарай, төтеннен келген індет салдары әрбір отбасын айналып өтпей отырғаны да анық.</p>

Жауапкершілік танытайық

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен отырыста  COVID-19 вирусына қарсы мемлекет тарапы­нан атқарылып жатқан ша­ра­ларға, сондай-ақ алда атқа­рыл­уы тиіс жұмыстарға тоқталды. Тиіс­ті жо­ғары лауазым ие­ле­­рі мен мемлекеттік қызметкерлерге осы мә­се­леде үлкен жауап­кер­ші­лік жүктелетінін атап көр­сетті.

Халқы­мыз небір нәубет жылдарын бас­тан кешірді. Бұл індеттен де ары­ла­рымыз анық. Мемлекет басшысының 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялауы – әр салада өзіндік үлес қо­сып жүрген белгілі қоғам қай­раткерлерінен, жалпы жақынынан айырылған әр отбасының қамкөңілін жұ­ба­­ту деп түсінеміз.

Береке-бірлігіміз жа­рас­­қан хал­қы­мыз­дың аман­ды­ғы үшін әрқай­сы­мыз зор жауапкершілік танытып, бірлесе күресейік, ағайын!

Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты,

Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі

Бөлісу:
Жауапкершілік танытайық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар