Пікір
2 мин оқу 377

Еңсені түсірмейік

<p style="text-align: justify;">Тап осындай азалы күнді бүкіл ел болып бастан кешеміз деп ойлап па едік! Тарихқа қарап отырсақ, адамзат талай індетті бастан өткерген екен.</p>

Еңсені түсірмейік

Сондай кезде ел ішін үрей билегені соншалық, жұрт ауру жұқтырған кішкентай сәби­лерін, қарт ата-аналарын тас­тай қашыпты. Бірақ індет қаш­қандарды да қуып жетіпті.

Мынау індет те әлемге дәл сондай үрей шашып тұр. Қа­зір Жер шары бастан кешіп отырған жағдай біздің елді де жайлады. Осындай ауыр ке­зеңде жауапты деген кейбір ше­неуніктердің жауапсыздығы індетті одан сайын асқындыр­ды. Отаншылдық деген осындайда көрінеді ғой.

Қарапайым халықтың іші­нен шыққан іскер адамдар өздері ұйымдастырып, қиналып жат­қандарға қолұшын беріп, дәрі-дәр­мегін шетелдерден ал­дыртып жатыр. Сондай жан­дардың қыз­меті еселеп қайтсын деп тілейміз.

Ел Президенті Қ.Тоқаев әр министрлікке қатаң тапсырмалар беріп, нақты талаптар қойды. Сол тапсырмалар өз дәрежесінде орындалса екен деп тілеп отырмыз енді.

Өкініштісі – қазақтың талай арыстай азаматтары құрбан болды. Ендігі амал не болмақ? Әри­не, еңсені түсіріп отыра беру емес. Үрейге бой алдыр­май, сыр­қат­та­нып жатқан адам­дарға жігер беріп, бала-шағаның кө­зінше өлім туралы әңгіме айта бермей, әркім өз ошағында бар­лық сақтық шараларын жасауы керек деп ойлаймын.

Жауапты мекемелер мен ше­­неуніктер дәрі-дәрмектердің өңір­лерге, жергілікті жерлерге жедел жеткізуді ұйым­дас­ты­руға барынша күш салуы керек. Қазіргі уақытта ауырып жатқан науқастар үшін әр күн, әрбір минут маңызды.

Азалы отбасыларына қай­ғы­рып көңіл айтамыз. Қазақ «қазаның ар­ты қайырлы болсын» дей­ді мұн­дайда. Әр отба­сын­да аман­шы­лық болсын! Сыр­­­қаттанып жат­қандарға же­ңіл­­дігін берсін!

Оңайгүл Тұржан,

ақын

Бөлісу:
Еңсені түсірмейік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар