Пікір
1 мин оқу 265

Әр азаматтың өмірі қымбат

<p style="text-align: justify;">Кеше мемлекетіміздің Туы түсіріліп, еліміз мешіттерінде Құран қатым дұғасы оқылды. Жиілеп кеткен жаманат хабардан қабырғамыз қайысып отыр. Қазақ халқы қаншама аяулы азаматынан айырылды.</p>

Әр азаматтың өмірі қымбат

Ел-жұртымызға қайғы­рып көңіл айта отырып, сабыр­лыққа шақырамыз.

Жыл сайын Алматы ма­ңындағы Жаңалық қо­ры­мына барып, 1937-1938 жыл­дары саяси қуғын-сүр­гінге ұшыраған Сәкен, Ілияс, Бейімбеттей тұлғаларымызға тағзым етіп, Құран оқып, аза тұтып қайтатын едік. Мы­на Аза тұту күні де со­ның жал­ғасындай болып тұр­­ғаны жанымызға батады. Баспасөзде, әлеуметтік желілердегі жантүршігерлік қаралы хабарларды қай-қайсымыз бол­сақ та бей-жай қабылдай алмай отыр­ғанымыз анық. Амал қан­ша. Бірнеше жа­қы­ны­нан айырылып жатқан ша­ңырақтар бар. Алла қай­ғының артының қайырын берсін. Бұл хал­қымыз үшін қасіретті күн. Суыт хабар келмесе екен деген тілек бар­шамызға ортақ. Еліміз үшін әрбір аза­маттың өмі­рі қымбат. Сондықтан өзімізге-өзіміз бекем болып, іргемізді бекітіп, каран­тин талаптарын қатаң сақтап оты­руға тиіспіз. Санитарлық-ги­гиеналық талаптарды сақ­тағаннан басқа амалымыз қалмады. Ел Үкі­меті де қарап қалмай, қол­дан келген шараларды ұйым­дастыруда. Әзірге нәтижесі болмай тұр.

Жүрсін ЕРМАН,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бөлісу:
Әр азаматтың өмірі қымбат · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар