Жарнама
 
Әлем
1 мин оқу 200

Канье Уэст сайлаушылардың қолдауы бойынша бәсекелесе алмады

<p style="text-align: justify;">АҚШ президенті лауазымына үміткерлер арасында рэпер Канье Уэст сайлаушылар арасында қолдау деңгейі бойынша Дональд Трамп пен Джо Байденнен қатты есе жіберді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Redfield &amp; Wilton Strategies жүргізген сауалнамаға сілтеме жасап.</p>

Сауалнамаға қатысушылардың 2%-ы Уэсті, 39%-ы Трампты, ал 48%-ы Байденді қолдаған.

Респонденттердің 56%-ы Уэсттің сайлауға қатысу ниетінің маңыздылығына сенбеген, 24%-ы бұл шешіміне күмәнмен қайрайды, тек 20%-ы оның президент лауазымы үшін күресуге ниетті екеніне сенген.

Сондай-ақ 55% қатысушылар Уэстті сайлауға қатысу ниеті туралы мәлімдегені үшін айыптаса, 18%-ы қолдау көрсеткен.

Онлайн-сауалнама 9 шілдеде өткізілді. Сауалнамаға 2 мың адам қатысты.

Redfield&Wilton Strategies Британдық зерттеу компаниялары қауымдастығына кіреді. Оның зерттеулері жергілікті БАҚ-та жиі жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілде күні Канье Уэст АҚШ президенттігіне сайлауға түсетіндігі туралы хабарлаған болатын.

Бөлісу:
Канье Уэст сайлаушылардың қолдауы бойынша бәсекелесе алмады · Egemen Qazaqstan