Аймақтар
1 мин оқу 500

Алматыда карантин шаралары күшейтілді

<p style="text-align: justify;">Карантин шараларын қатаңдату мақсатында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 20 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа қаулы шығарды. Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/documents/details/50601?lang=kk">баспасөз қызметінде</a> жарияланған құжатта хабарланады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Алматы аумағында қатаң шектеу шаралары 2020 жылғы 20 шілдеде сағат 00.00-ден бастап қолданылады.

Жаңа шектеу шараларын:

1) қалааралық автобус тасымалдарын тоқтата тұру;

2) 50%-дан аспайтын толтырылатын қала маңындағы автобус маршруттарының жұмысын қамтамасыз ету;

3) қалалық қоғамдық көліктің, оның ішінде Метрополитеннің 50%-дан аспайтын толтырылуымен жұмысын қамтамасыз ету;

4) қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктің, оның ішінде Метрополитеннің, сенбі және жексенбі күндері жұмысын толық тоқтата тұру;

5) қоғамдық көлікті күні бойы әрбір айналымдық рейстің жүйелігімен дезинфекциялауды қамтамасыз ету.

"Енді қоғамдық тамақтану орындары ашық алаңда ғана жұмыс істей алады. Қонақтар саны 30 адамнан аспауы керек. Сондай-ақ, таулар мен ұлттық парктерде велосипедпен жүруге болмайды", - делінген қаулыда. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінде жарияланды.

Бөлісу:
Алматыда карантин шаралары күшейтілді · Egemen Qazaqstan