Руханият
2 мин оқу 220

Медициналық жабдық алуға көмектесті

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысының бір топ кәсіпкері облыстық көпбейінді ауруханаға 2 оттегі концентраторы мен 400 пульсоксиметр аппаратын сыйға тартты. &laquo;Бұл жабдықтар covid-19 індетімен күресте дәрігерлерге өте қажет көмекші құрал&raquo;, дейді аурухана директоры Арман Байдеуов.</p>

Медициналық жабдық алуға көмектесті

Дүниені дүрліктірген пандемияға қарсы күрес елімізде жалпыхалықтық майданға айналды. Жұрт болып жұмылып, дәрігерлерге дем беруші, ауруханаларға көмектесіп жатқан ағайын көп.

– Коронавирус пандемиясына қарсы күреске кәсіпкерлеріміз тағы да жұмылды. Бізге әкелінген 10 литрлік оттегі концентраторлары – ауруханаға ауыр жағдайда түскен науқастар үшін өте қажетті қондырғылар. Пульсоксиметр құралы науқас қанының құра­­мындағы оттегі мөлшерін анықтап, дәл диагнос­тика қоюға таптырмас көмекші. Дәл қазір облыстық ауруханадағы провизорлық стационарда 148 науқас жатыр. Олардың 80 пайызы оттегі концентраторына қосылған. Ал 10-15 пайызы өкпені жасанды тыныстандыратын аппараттың көмегіне мұқтаж. Айта кететін жайт, науқастардың көбі үйде емделіп, 10-12 күн уақыт өткізіп, ауруды асқындырып келеді. Осы жерде ғана нақты диагнозы анықталып, кәсіби медициналық жәрдем алады, – дейді облыстық көпбейінді аурухана директоры.

Медициналық жабдықтар Ресей Федерация­сынан әкелінген. Көрші мемлекетпен арадағы келі­сімдерге сәйкес қажетті құралдар жеңіл­дікпен, жедел жеткізілуде.

– Елде осындай қиын жағдай болып жатқанда біз, кәсіпкерлер, қарап қара алмадық. Біз – елмен біргеміз. «Бай болсаң, елге пайдаң тисін» деген аталы сөзді ескеріп, өз әлімізше азды-көпті қаражат бөліп, індетке қарсы күресте керекті құрал-жабдықтарды жеткізіп жатырмыз. Осы бастама өзге әріптестерімізге де үлгі болса дейміз. Індетті бірге еңсерейік! – дейді кәсіпкерлер атынан сөз алған Дидар Әсетов.

Облыстық ішкі саясат басқармасы бас­шы­сының орынбасары Дархан Қаны­бек­ұлының айтуынша, «Ақжайық» қорына осы кезге дейін облыс кәсіпкерлерінен 100 млн теңгенің үстінде қаражат аударылған. Мұның бәрі орталықтандырылған сатып алу жүйесі бойынша коронавирус індетімен күреске қажетті дәрі-дәрмек пен жабдықтар алуға жұмсалуда. Жақында ғана 160 оттегі концентраторы Мәскеу қаласынан Оралға жеткізіліп, тиісті емдеу мекемелеріне таратылды.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Медициналық жабдық алуға көмектесті · Egemen Qazaqstan