Аймақтар
1 мин оқу 235

Жастар акциясы жалғасты

<p style="text-align: justify;">Jas Otan Жастар қанаты ұйым&shy;дас&shy;тыр&shy;ған &laquo;Дәрігерлерге мың алғыс&raquo; акциясы әр ауданда жалғасып жатыр. Оның аясында Жаңақорған аудан&shy;&shy;дық филиалының еріктілері адам өміріне араша түсіп жүрген ақ ха&shy;латты абзал жандарға шынайы алғыстарын жеткізіп, арнайы әзір&shy;лен&shy;ген &laquo;Денсаулық&raquo; себетін тапсырды.</p>

Жастар акциясы жалғасты

Пандемия кезінде өз өмірлерін қатерге тігіп, талай жанды ажалдан арашалап қалған сала өкілдеріне жастар аты­нан алғыс білдіру шарасына «Авто-лидер» компаниясының жетек­ші­сі, жас кәсіпкер Нұрболат Ибраев қолдау танытты.

– Осының алдында Қазалы ауданында өткен шара Жаңақорғанда жалға­сып жатыр. Алда облыс орталығында ұйым­дас­ты­рамыз. Әрине, дерттің дендемеуіне барын салып, әр науқастың өмірі үшін кү­ресіп жүрген дәрі­гер­лерге қандай құр­мет көрсетсек те жарасады. Осы сала өкілдеріне ар­нал­ған шараны өткізуде аймақ еріктілерінің ықы­ла­сы ерекше болып отыр, – дейді Jas Otan Жастар қанаты Қызылорда об­лыс­тық филиалының төрағасы Әлішер Қар­да­шов.

Өздеріне көрсетілген құрметке дәрі­гер­лер де алғысын жеткізіп, індетті ауыз­дықтауға жұмылған жастар бастамасына сәт­тілік тіледі.

 

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Жастар акциясы жалғасты · Egemen Qazaqstan