Аймақтар
1 мин оқу 480

Атырауда АН-12 ұшағы неге түтіндеді?

<p style="text-align: justify;">Кеше мұнайлы өңірдегі халықаралық әуежайдан ұшқан АН-12 ұшағынан қара түтін көрінді. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған видеодан белгілі болды, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда АН-12 ұшағы неге түтіндеді?

Осыған орай Атырау халықаралық  әуежайының инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Ким түсінік берді. Оның мәліметінше, кеше түстен кейін әуежайдан АН-12 жүк ұшағы ұшыпты.

"Ұшу режимінде қоспаның әдеттегі байытылуы орын алады. Соның нәтижесінде шығарынды пайда болады. Бұл – қалыпты жағдай, кеңестік кезеңде шығарылған ұшақтың барлығында бар. Ұшақ биікке көтеріліп, номиналды режимге түскеннен кейін, қара түтін жоғалады. Сондықтан, алаңдауға еш  себеп жоқ", - деді Андрей Ким.

Бөлісу:
Атырауда АН-12 ұшағы неге түтіндеді? · Egemen Qazaqstan