Түркістанда "Шипа" жобасы бойынша 300 отбасына дәрі-дәрмек жіберілді
<p dir="ltr" style="text-align: justify;">Бүгін "Шипа" жобасы бойынша Түркістан облысының аудан қалаларындағы 300 мұқтаж отбасына дәрі-дәрмек қобдишасы жіберілді. "Nur Otan" партиясы фракциясының депутаттары мен кәсіпкерлердің бұл көмегін "Jas Turkistan" еріктілер клубы мен аудандардағы "жасотандықтар" және жастар ресурстық орталығының еріктілері тұрғындарға жеткізуде, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"Nur Otan" партиясының Түркістан облыстық филиалы пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында "Өмір" және "Шипа" жобаларын қолға алған болатын. Осы арқылы өңірдегі ауруханаларға жасанды тыныс алу аппараттарын және мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізу көзделген.
Бүгін аудандарға дәрі-дәрмек жөнелтілді. "Jas Otan" жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұманның айтуынша, ел азаматтары мен кәсіпкерлер жобаларға қызу қолдау көрсетіп жатыр.
"Бүгін " Шипа" жобасы бойынша аудан, қалалардағы мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек-дәрі-дәрмек жолдап отырмыз. Ерікті жастар бұл бастамаға қолдау көрсетуде. Біз осындай қадамдар арқылы тұрғындарға көмек қолын созуды мақсат тұттық. Партия филиалына, "нұротандық" депутаттарға, демеуші ағаларға, волонтер жастарға алғысымыз мол",-дейді ол.
