Жарнама
 
Білім
1 мин оқу 1,186

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш тапсыру 30 шілдеге дейін ұзартылды

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш тапсыру 30 шілдеге дейін ұзартылды

Биылғы ҰБТ-да 82 мың талапкер шекті балл жинады. Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:

eGov арқылы (50 мыңнан астам өтініш қабылданды);

немесе ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (20 мыңнан астам өтініш қабылданды).

Бұл жолмен тапсырғанда ЭЦҚ қажет емес, жоо-лардың қызметкерлері бейне байланыс арқылы кеңес береді, құжаттарды толтырып, жүктеуге көмектеседі. ЖОО-лардың байланыс нөмірлерін министрліктің @edu_news_qz телеграм-каналынан және ҚР БҒМ ҰТО сайтынан жүктеп алуға болады. 

Грантты тағайындау конкурсының нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.

Бөлісу:
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш тапсыру 30 шілдеге дейін ұзартылды · Egemen Qazaqstan