"Bеk Air" компаниясына қатысты сот отырысы өтті
<p style="text-align: justify;">Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің "Bеk Air" АҚ әуекомпаниясына екінші арызы бойынша бірінші сот отырысы өтті. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

"Комитет арызындағы талаптар "Bеk Air" жүзеге асыратын рейстерге билет сатып алған жолаушыларға ақшалай қаражатты өтеу туралы болып отыр.
Жалпы тұтынушылар комитеті 301 билет сатып алған 151 азаматтың мүддесін қорғайды. Талап-арыз сомасы 10,5 млн теңгені құрап отыр. Комитетке өтініштер әлі де түсіп жатқандықтан, бұл сома ұлғаюы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін сот азаматтарға қаражатты өтеу туралы Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің арызын қанағаттандырған еді. Кейін "Bеk Air" АҚ сот шешіміне апелляциялық шағым берді.
