Тағайындау
1 мин оқу 520

"Қазпочта" АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">"Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Басқармасының шешімімен Қанат Қалиұлы Алпысбаев "Қазпочта" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Бұған дейін Қанат Алпысбаев "Самұрық-Қазына" қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған, 2008 жылдан бастап 2018 жылға дейін "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген.

Бұған дейін "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Сәкен Сәрсенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Бөлісу:
"Қазпочта" АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды · Egemen Qazaqstan