Аймақтар
1 мин оқу 150

Қызылордада лицензиясы жоқ дәріхананың жұмысы тоқтатылды

<p style="text-align: justify;">Қызылордада заңға бағынбай, лицензиясыз дәрі-дәрмек сатқан дәріхананың жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Тиісті рұқсаты болмаса да жұмыс істеп келген нысанда елімізде тіркелмеген дәрі-дәрмектер сатылған. Облыстық прокуратура жанынан құрылған мобильді топ рейд кезінде белгісіз дәріхананы тексеріп, заңсыз әрекетін әшкереледі.

Сондай-ақ, кәсіп иесі дәрі сатып, тар бөлмеде алғашқы медициналық қызмет көрсетіп келген. Құзырлы орган өкілдері сол жерде барлық дәрі-дәрмекті тәркілеп, тиісті хаттама толтырды. Дәріхана иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Бөлісу:
Қызылордада лицензиясы жоқ дәріхананың жұмысы тоқтатылды · Egemen Qazaqstan