Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 157

Талантты жастардың қатарында

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың әйгілі ESPN телеарнасы кәсіпқой бокста жүрген 25 жасқа дейінгі ең талантты деген 50 жас боксшының тізімін жариялады.</p>

Талантты жастардың қатарында

Бір қуанарлығы, аталған 50 боксшының ішінде қазақстандық былғары қолғап шебері де бар. Әуесқой бокстан жастар арасында әлем чемпионы атанған Садриддин Ахмедов рейтингтің 31-орнына жайғасқан. Кәсіпқой боксқа 2018 жылы ауысқан отандасымыз небәрі екі жылдың ішінде ерекше талантымен дараланып, бірден мамандар назарын өзіне аудартты. Осы уақыт аралығында 11 жекпе-жек өткізген жерлесіміз 10 қар­сыласын мерзімінен бұрын жеңген. Сондай-ақ Ахмедов WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы және WBC Asia белбеуінің иегері.

Рейтингтің көшін жеңіл салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы Теофимо Лопес бас­тап тұр. Екінші орында екінші орта салмақтағы WBC чемпионы Давид Бенавидес болса, үштікті Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Шакур Стивенсон түйіндеді. Кейінгі орындарға Девин Хэйни (24-0, 15 КО), Райан Гарсиа (20-0, 17 КО), Хайме Мунгиа (35-0, 18 КО), Верджил Ортис (15-0, 15 КО), Джарон Эннис (25-0, 23 КО), Дэниел Дюбуа (14-0, 13 КО) және Эриксон Лубин (22-1, 16 КО) жайғасқан.

Бөлісу:
Талантты жастардың қатарында · Egemen Qazaqstan