Аймақтар
1 мин оқу 460

Атырауға кіре берістерде мобильді бекеттер тұр

<p style="text-align: justify;">Полиция қызметкерлері құрбандыққа шалынатын малдың Атырау қаласына кіргізілмеуін қадағалап тұр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауға кіре берістерде мобильді бекеттер тұр

Бұл үшін "Атырау-Астрахань", "Атырау-Орал", "Атырау-Доссор", "Атырау-Индер" бағытына қатынайтын жолдардың Қараөзек, Береке, Ақжар ауылдары мен телемұнара тұсына мобильді бекеттер қойылды. Сондай-ақ мұндай мобильді бекет бірі Батыс Қазақстан облысымен шекарадағы Аққала елді мекенінің  маңында да тұр.

Азаматтарды облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын, жұқтыру фактілерін азайтуға бағытталған шектеулерді, Құрбан айт мерекесі күндері іс-шараларды өткізуге тиым салу туралы  қаулы талаптарын  орындауға шақырамыз. Бұған дейін  жарияланған пандемия жағдайында құрбандық шалу алгоритмін сақтау керек", деді облыстық полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.

Бөлісу:
Атырауға кіре берістерде мобильді бекеттер тұр · Egemen Qazaqstan