Аймақтар
1 мин оқу 200

Атырауда дәрі-дәрмектің қанша қоры бар?

<p style="text-align: justify;">Бұған дейін хабарлағанымыздай, өңірде дәрі-дәрмектер мен медициналық заттардың тұрақтандыру қоры &nbsp;құрылған еді. Бұл қорға "Атырау" ӘКК" АҚ мен дистрибьютор компания арасындағы &nbsp;меморандумға сәйкес, дәрі-дәрмектің 40 түрі жеткізіледі, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда дәрі-дәрмектің қанша қоры  бар?

Жыл соңына дейін 4 миллион 800 мың орама дәрілік зат пен медициналық бұйымдарды  сатып алуға 500 миллион теңге бөлініп отыр. Бұған  қосымша 900 мың дана медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектердің азаймайтын қоры құрылады. Сатып алынған медициналық дәрі-дәрмектердің жалпы көлемінен  105 мың 235 данасы қала және аудандардағы дәріхана желілеріне таратылды.

Өңірдегі дәрі-дәрмектер сақталатын қойманы тексерген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізу тұрақты негізде жүзеге асырылады.

"Біздің басты міндетіміз – азаматтардың  денсаулығын сақтау. Қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешіп, мол қорын жасақтау", - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Соңғы үш аптада дәріханаларға 100 тонна дәрі-дәрмек жеткізіліпті. Енді жақында тағы да  40 тонна  дәрі-дәрмек әкелінетіні күтіліп отыр.

Бөлісу:
Атырауда дәрі-дәрмектің қанша қоры бар? · Egemen Qazaqstan