Әлем
1 мин оқу 610

Бейрутта жойқын жарылыстан 10 адам мерт болды

<p style="text-align: justify;">Бейруттағы жойқын жарылыстан 10 адам мерт болды. Соның ішінде 400-ге жуық тұрғын ауыр жарақат алды. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.&nbsp;</p>

Соңғы жылдары Бейрутта мұндай жарылыс алғаш рет болып тұр. Жарылыстың дүрсілін жергілікті халық жер сілкінісі деп ойлаған. Тұрғындар өздерінің зардап шеккен туыстарын үйінді арасынан іздеп, әрі-сәрі күй кешуде.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар бөліскен жарылыстың суреттері мен порттың қалай жарылғаны туралы видео түсірілімдер өріп жүр.

Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб сәрсенбі күнін Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандарға байланысты "Ұлттық аза тұту күні" деп жариялады.

Ал Бейрут қалaсының губернаторы жарылыстан қаланың жартысына зақым келгенін мәлімдеді. 

Бөлісу:
Бейрутта жойқын жарылыстан 10 адам мерт болды · Egemen Qazaqstan