Аймақтар
1 мин оқу 450

Атырауда емханалар жоспарлы емдеуге кірісті

<p style="text-align: justify;">Жоспарлы емдеуге кіріскен медициналық мекеменің бірі &ndash; №1 Атырау қалалық емхана. Бас дәрігер Әсия Нарымбаеваның айтуына қарағанда, &nbsp;жоспарлы емдеуге жататын қан қысымы, гипертония, қант диабеті, астма сынды сырқатқа шалдыққандар алдын ала учаскелік дәрігерге көрінуі керек. Содан соң дәрігердің нұсқауымен анализ тапсырады, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда емханалар жоспарлы емдеуге кірісті

"Сырқатының күрделігіне байланысты науқастар күндізгі стационарда  емделе алады. Оларға тегін дәрі-дәрмек беріледі.​ Сондай-ақ, ауруханаларға жатып емделу де қарастырылып отыр. Бұл үшін  учаскелік дәрігер науқасты порталға енгізіп қояды. Порталды күту кезеңі  ауруханадағы науқастар санына байланысты бір аптаға созылуы мүмкін", - дейді Әсия Нарымбаева.

Оның мәлім етуінше, жоспарлы ем қабылдайтын науқастар міндетті түрде коронавирус  инфекциясына анализ тапсыруы тиіс. Ал, анализ қорытындысының жарамдылық мерзімі 5 күнге ғана созылады. Қазір №1 Атырау қалалық емханасының күндізгі стационар бөлімшесінде 12 орын жасақталыпты. Сонымен бірге, мұнда  20 орындық провизорлық стационар да бар.

Бөлісу:
Атырауда емханалар жоспарлы емдеуге кірісті · Egemen Qazaqstan