Елорда мешіттері ауруханаларға медициналық құрылғылар тарту етті
<p style="text-align: justify;">Елорда мешіттері елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап халыққа мейлінше қолұшын беріп келеді. Осы үрдіс бойынша бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Елордамыздағы төрт ауруханаға денедегі сатурация деңгейін анықтайтын медициналық құрылғыларды тарту етті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлайды.</p>
Атап өтсек, Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешіті, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен №1 Қалалық аурухана, №2 Перинаталдық орталық, Нұр-Сұлтан қаласының орталық жол ауруханасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Көпсалалы медицина орталығына" жоғарыда аталған медициналық құрылғылар халық игілігі үшін табыс етілді.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта аты жаман аурудың біршама беті қайтқан көрінеді. Десе де, қиын-қыстау кезеңде мүмкіндігінше қолұшын беріп, қолдау білдіріп жатқан ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне өз алғыстарын айтып жатты.

