Ең қысқа әңгіме
2 мин оқу 203

Нұрпейісовтің ордені

<p style="text-align: justify;">Жақында белгілі қаламгер Уәлихан Қалижан әлеуметтік желіде Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы естеліктер сериясын жариялады. Соның бірі &laquo;Соғыстан қалған бір де бір медалім жоқ&raquo; деп аталады екен.</p>

Нұрпейісовтің ордені

«Сұрапыл соғысты көрдім. Бірақ майдан шебінде болғаным жоқ. Фашистерді де қырып-жойдым деп айта алмаймын. Көбіне штабта жұмыс істедім...

– Әбе, мен білетін дерек өзгеше. Сіз ұзақтан ататын артиллерияның құрамында болдыңыз. Оның оғы ондаған шақырымға дейін жетпей ме?

– Жетсе жетер, бірақ қан­ша фашистің жойылғанын қай­дан білейін. Көргенім жоқ. Сон­дықтан да түрлі майданнан беріл­ген медальдарды жинап алдым да көзін жойып жібердім. Жа­са­маған ерлікті қалай жасадым деп кеудеме қаптатып тағып жүрейін.

Түсінікті, түсініксіз Әбді­жә­міл Нұрпейісов осындай Адам!»

Белгілі жазушының қандай наградаларды жойып жібергенін көрейін деп Ресейдің «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғы­сындағы халық ерлігі» элек­трондық құжаттар банкін ақтар­дық. Сөйтсек, болашақ әйгілі жазушы майданға 1942 жылы шілде айында Қызылорда облысы Арал ауданынан шақырылып, Оңтүстік, Прибалтика, Ленин­град майдандарынан өткендігі анық жазылып тұр екен. Лей­тенант Нұршайықов 1945 жылы 10 мамыр күні 137 зеңбіректік артиллериялық полк командирі, подполковник Комраковтың бая­наты бойынша мемлекеттік награ­даға ұсынылған. Арада 5 күн өткенде, яғни осыдан дәл 75 жыл бұрын, 1945 жыл­дың 15 мамырында «Қызыл Жұл­дыз» орденімен марапатталып­ты. Ал жауынгерге «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғы­сын­да Германияны жеңгені үшін» медалі осыдан 5 күн бұрын, 9 мамырда берілген болатын.

«Қызыл Жұлдыз» ордені берілерде ұсынылған марапат қағазында: «Бөлімде артил­­ле­­рия­лық қару-жарақ­тың есе­бін жүргізгенде ұйымдас­тыру­шылық қабілетін көрсетті, құралдардың жарамдылығын тікелей өзі қада­ғалады, тіпті ауыр ұрыс кезінде ату бекетіне үздіксіз оқ-дәрі жет­кізіп, батарея­лар әрдайым қам­тамасыз етіліп отырды» деп жазылған екен.

Міне, ерлік ұмытылмайды деген осы да.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Нұрпейісовтің ордені · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар