Оқиға
1 мин оқу 1,830

Қорғаннан табылған қола қазан

<p style="text-align: justify;">Жыл сайын облыстық тарихи-өлкетану музейінің қыз&shy;мет&shy;керлері археологиялық қазба жұмыстарын жүр&shy;гізе&shy;ді. Археологиялық топ әр сапардан олжалы оралады. Мә&shy;се&shy;лен, 2017 жылы Қызылқоға ауданындағы Миялы қорған&shy;дарының бірінен қоладан құйылған қазан табылды.</p>

Қорғаннан табылған қола қазан

Қола қазанның пішіні күнделікті тұтынып жүрген бұ­йымнан өзгешелеу. Бір қа­ра­ғанда шар тәріздес бол­ған­­мен, ернеуі кең қайы­ры­лыпты. Сыртынан тегістел­генге ұқсайды. Шеті майысып қалыпты. Төрт құлағы бар. Оның екеуі қазан ішіне үңіліп тұр­ған жылқы бейнесінде жасалыпты. Ал екеуінде киікке ұқсас жануар бейнеленіпті. Алайда оның бірі сынған.

Қалай дегенде, қорғаннан табылған қола қазан құн­ды жәдігерге айналды. Есте жоқ ескі заманның мәде­ние­тінен сыр шертер экспонат тарихы әлі де зертте­летін болар.

Атырау облысы

Бөлісу:
Қорғаннан табылған қола қазан · Egemen Qazaqstan