Руханият
2 мин оқу 510

Қайыры мол қайырымдылық шаралары

<p style="text-align: justify;">Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрбан айт күндері дәрігерлерді қолдау мақсатында республикалық деңгейде &laquo;Мың алғыс&raquo; қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, 82 527 150 теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті.</p>

Қайыры мол қайырымдылық шаралары

Шараға ҚХА мүшелері мен кәсіпкерлер, меценаттар мен этно­мә­дени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері мен еріктілері атсалысып, 11 674 медициналық қызметкерге және 7100 отбасыға қайырымдылық жасады.

Нақтырақ айтқанда, вирус анық­­­­­талған науқастармен тіке­лей жұ­­мыс істейтін медицина қыз­меткерлерінің отбасына, про­ви­зор­­­лық орталықтарға, дәрі­гер­лер оқшау тұрып жатқан жатақ­ха­на мен қонақүйлерге құрбандыққа ша­лынған мал еті таратылып, азық-түлік себеттері тарту етілді. Ста­ционарда жатқан емделушілер мен қызмет барысындағы ақ халат­ты абзал жандарға ыстық тамақ жет­кізіліп, көкөніс пен жемістер, тәт­ті­лер мен ұлттық сусындар үлес­ті­­рілді.

Пандемия дертінен бақилыққа ат­танған дәрігерлердің отбасына да қаржылай көмек көрсетіліп, ұл-қыздарына мерекелік сыйлық жасалды. Мұқтаж отбасыларға да көңіл бөлініп, мал етінен бөлек, түрлі азық-түліктермен қамтамасыз етілді.

Солардың ішінде астаналық «Вайнах» чешен-ингуш, «Хазар» әзербайжан, «Таң» татар-башқұрт, «Қырғызстан-Астана» және «Жай­хун» қарақалпақ этномәдени бір­лестіктерін, Қарағанды, Қы­зылорда, Павлодар, Атырау, Қос­танай облысы мен Алматы қаласының барлық этнос өкілдерін, Аналар кеңесін, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын, Солтүстік Қазақстан облыстық «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығын, Түркістан облыстық өзбек, татар, әзербайжан этно-мә­дени орталықтарын, Алматы облысы Ұйғыр ауданы ҚХА белсенділерін айрықша атап өтуге болады.

Естеріңізге сала кетсек, ҚХА наурыз айында енгізілген төтенше жағ­дай кезінде республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында мұқ­таж азаматтарға 376 454 347 тең­ге­ге қар­жы­лай көмек көрсетіп, 515 мың­нан астам медициналық маска таратқан еді.

Пневмония дерті ушыққан соң­ғы бір айда ақ халатты абзал жандар мен провизорлық орталықтарға қол ұшын созып, 151 443 526 теңгеге қажетті дәрі-дәрмек пен өкпені жасанды желдету аппаратта­рын сатып алды. Ал Мақтааралда орын алған су тасқынынан зардап шеккен­дерге де этнос өкілдері жұ­ды­рық­тай жұ­мылып, 101 936 000 теңгеге 335 тонна гуманитарлық көмек пен құрылыс материалдарын жөнелт­кен болатын.

Былтырғы жылы Ассамблеяның әр­түрлі деңгейдегі қайырымдылық шараларға көрсеткен көмегі 4,5 млрд теңгеге жуықтайды.

Бөлісу:
Қайыры мол қайырымдылық шаралары · Egemen Qazaqstan