Спорт
1 мин оқу 595

УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8-финалының матчтары тікелей эфирде

<p style="text-align: justify;">7-8 тамыз аралығында Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық матчтардың тікелей трансляциясын &laquo;QAZAQSTAN&raquo; және &laquo;QAZSPORT&raquo; телеарналары көрсетеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

1/8 финалдың қалған матчтары қабылдаушы командалардың алаңында өтеді.  

Ширек финалға өткен 4 команда: «Аталанта», «Атлетико», «ПСЖ» мен «РБ Лейпциг». 
Өзге 4 команда 1/8 финалдың жауапты матчтары өткен соң анықталады. 

Ширек финалға шығу үшін «Ювентус» – «Лион», «Барселона» – «Наполи», «Манчестер Сити» – «Реал» мен «Бавария» – «Челси» командалары өзара бақ сынайды. 

УЕФА Чемпиондар лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі: 
 
«QAZAQSTAN» телеарнаcы: 
7 тамыз - «Манчестер Сити» - «Реал Мадрид». Уақыты: түнгі сағат 00:50  
8 тамыз - «Бавария» - «Челси». Уақыты: түнгі сағат 00:50 
  
«QAZSPORT» телеарнаcы:  
7 тамыз - «Ювентус» - «Лион». Уақыты: түнгі сағат 00:50  
8 тамыз - «Барселона» - «Наполи». Уақыты: түнгі сағат 00:50.

Бөлісу: