Әлем
1 мин оқу 183
Ливанның Ақпарат министрі отставкаға кететінін мәлімдеді
<p style="text-align: justify;">Ливанның Ақпарат министрі Манал Абдель Самад Бейруттегі жарылыстан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Ливанның MTV телеарнасы хабарлайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"Мен ливандықтардан, олардың күйініштерін бірқалыпқа келтіре алмағанымыз үшін кешірім сұраймын. Бейрут апатының қасіретінен кейін мен үкіметтен кету туралы өтініш бердім", деді Ақпарат министрі.
8 тамызда Бейруттың орталығында үкіметке қарсы митингі өтті. Оған қатысушылар министрлер кабинетін порттағы жарылыстан кейін отставкаға кетуін талап етті.
Бөлісу:

