Спорт
1 мин оқу 210

Статистика: «Интер» ме әлде «Байер» ме?

<p>Бірнеше сағаттан кейін Еуропа лигасының ширек финалдық матчы аясында Миланның &laquo;Интер&raquo; командасы Леверкузеннің &laquo;Байеріне&raquo; қарсы ойнайды. Германияның Дюссельдорфт қаласында өтетін бұл кездесуде жартылай финалда өнер көрсетуге қай команданың мүмкіндігі мол?</p>

Статистика: «Интер» ме әлде «Байер» ме?

- қарсыластар бір-бірімен екі рет ойнады, екі кездесу де Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өтті (2002/03 ж.ж.);

- өз алаңында «Интер» 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті;

- өз алаңында «Байер» 0:2 есебімен жеңіліп, топта соңғы орында қалып қойды;

- «Интер» Германияда болған соңғы 4 ойында жеңіске жете алмай келеді;

- «Интер» мен «Байер» Чемпиондар лигасының (2019/2020 ж.ж.) топтық кезеңінде үшінші орыннан көрінді;

- Чемпиондар лигасының F тобында сынға түскен «Интер» өз алаңында Дортмундтың «Боруссиясын» 2:0 есебімен жеңсе, түзде бір доп айырмасымен (2:3) жеңіліс тапты;

- «Байер» Чемпиондар лигасының топтық матчтарында Туриннің «Ювентусына» екі рет ұтылды.

Бөлісу:
Статистика: «Интер» ме әлде «Байер» ме? · Egemen Qazaqstan