Жаңалықтар
1 мин оқу 420

«Дәрігер» қосымшасы таныстырылды

Кеше Астанада еліміз дәрігер­лері мен емделушілеріне «Dariger» атты алғашқы тегін мобильді қосымшаның таныстырылымы өтті. Аталған игі бастамаға Beeline компаниясы қолдау білдіріпті.

Кеше Астанада еліміз дәрігер­лері мен емделушілеріне «Dariger» атты алғашқы тегін мобильді қосымшаның таныстырылымы өтті. Аталған игі бастамаға Beeline компаниясы қолдау білдіріпті.

«Dariger» қосымшасының арқа­сында дәрігерлер міндетті ақпаратқа тегін кіреді, ал, емдеу мекемелерінің әкімшілігі диагноз қою мен емдеудің нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылай алады. Сондай-ақ, мобильді қосымша емделушілердің медициналық қызметтерден әрдайым хабардар болуына жол ашып отыр. Мұндай жобалардың аумағы үлкен, халқы әртүрлі тығыздықта орналасқан, шалғай жатқан елді мекендері көп еліміз үшін маңызы зор, дейді Ден­­саулық сақтау министрлігі Элек­тронды денсаулық сақтау жолда­рын дамыту департаменті дирек­торының міндетін атқарушы Бейбіт Есенбаев.

«MedElement» компаниясының бас директоры Виталий Ермоленко бұл қосымшаның дәрігерлерге ғана емес болашақ мамандық иелері – студенттерге де пайдалы екенін айтады. Оның пайымдауынша, Beeline арқылы кез келген адам маңызды да қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Бөлісу:
«Дәрігер» қосымшасы таныстырылды · Egemen Qazaqstan