Спорт
1 мин оқу 180

Түркияда садақ атудан рейтингілік турнир өтеді

<p style="text-align: justify;">Садақ атудан халықаралық жарыстар тізбегі коронавирус індетіне байланысты наурыз айынан бері тоқтап тұр. Алайда, Халықаралық садақ ату федерациясы рейтингілік турнирлерді жалғастыруды жөн көрген, - деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Коронавирус індетіне байланысты садақ атудан биылғы маусым толықтай тоқтатылды. Әлем кубогі кезеңдері мен құрлықтық чемпионаттар өткізілмейді. 

Бірақ әлемдік ұйым спортшылардың біртіндеп жарыс алаңына оралуын ұйымдастыруды көздеген. Сол себепті, 2-4 қазан күндері Түркияның Анталья қаласында садақ атудан рейтингілік халықаралық турнир өтеді.  Ұйымдастырушылар жарыс кезінде барлық қауіпсіздік және санитарлық талаптарды сақтауға міндеттелген.

Жалпы алғанда, рейтингілік турнирлер шымылдығы 1 қыркүйекте түріледі. 

Бөлісу:
Түркияда садақ атудан рейтингілік турнир өтеді · Egemen Qazaqstan