Пікір
1 мин оқу 147

Қауіпсіздікті қаперден шығармайық

<p style="text-align: justify;">Бүгінгі таңда әлемді әбігерге салып жатқан мына жаманат дерт біздің елді де айналып өтпегенін бәріміз білеміз.</p>

Қауіпсіздікті қаперден шығармайық

Аты өшкір бұл індет әр отбасыға салқынын тигізіп, қазақтың қаншама аяулы тұлғаларын, соның ішінде өнер майталмандарын арамыздан алып кетті.

Ардақты ағайын, жақ­сылық пен жамандықтың қа­тар жүретінін ескере отырып, елімізде 17 тамыздан бастап карантиннің же­ңілдетілгенін бәріміз тиім­ді пайдаланайық, қауіп­сіздікті қаперден шы­ғар­­майық. Әр шаңырақ туға­нының амандығын тілесе, той-томалақтан, жиын-кеш­­терден бас тартып, са­быр­лық танытып, келер күннің жақсылығына үміт артайықшы! Елдің аман­дығы ең бірінші өзімізге ке­рек екенін естен шы­ғар­май, сақтық шараларына салғырт қарамайық! Өйт­кені қазір ұлттығымызды, ұйым­­шылдығымызды таны­татын тағдыршешті сәтте тұр­ғанымыз анық. «Әр қазақ – менің жалғызым!». Бәріміз бірігіп, індетті жеңеміз!

Серік РЫСБЕК,

И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның әртісі

 

ПАВЛОДАР

Бөлісу:
Қауіпсіздікті қаперден шығармайық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар