Жеңіл атлетика
1 мин оқу 170
16 жылдық рекордтың мұрты бұзылды
<p style="text-align: justify;">Бұл күндері жеңіл атлетикадан Мона­кода «Гауһар лигасының» бірінші кезеңі өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде угандалық атлет Джошуа Чептегеи 5 мың метрге жүгірудің фи­нал­дық бәсекесінде өнер көрсетіп, 2004 жылдан бері өзгермей келе жат­қан әлем рекордын екі секундқа жаңартты.</p>

23 жастағы Джошуа Чептегеи белгіленген 5000 метр қашықтықты 12 минут, 35, 36 секунд ішінде жүгіріп өткен. Осылайша Чептегеи эфиопиялық жеңіл атлет, 3 дүркін Олимпия ойындарының чемпионы Кененис Бекеленің 2004 жылдың 31 мамырында Нидерландтың Хенгело қаласында өткен жарыста орнатқан рекордын жаңартты. Сол жылы 22 жаста болған эфиопиялық желаяқ 5 мың метрді 12 минут, 37,35 секундта басып өткен.
Бөлісу:
