Руханият
2 мин оқу 280

Жанкентте далалық семинар

<p style="text-align: justify;">Оғыз елінің астанасы болған Жанкент қалашығы жайлы аңыз да, дәл дерекке негізделген дәйек те көп. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалашық туралы бұрын-соңды жазылған зерттеу еңбектері де аз емес. Оғыздарға астана болған тарихи шаһарды зерттеу жұмыстары соңғы жылдары жүйелі жүргізілді.</p>

Жанкентте далалық семинар

Облыс әкімдігінің қолдауымен 2014 жылдан басталған кешенді қазба жұмыстары нәтижесінде қала­шықтың қорғаныс қабыр­ға­лары мен мұнаралары, 30-ға жуық тұрғын үй орны аршылып, ежелгі шаһардың бет-бейнесі айқындала түсті.

Жуырда осы қалашықта «Жан­кент қалашығындағы аспан­асты музейі және далалық зерттеу жұ­мыс­­тарының нәтижелері» та­қы­ры­­бында далалық семинар ұйым­дастырылды.

Қалашық Қазақстанның ортаға­сырлық кезеңін, соның ішінде түркі-оғыз тайпаларының тарихын зерттеудегі тірек ескерткіштің бірі саналады. Халықаралық Жанкент археологиялық экспедициясы қаладан тарих үшін біраз құнды мұра тапты. Қазіргі заман талаптарына сай жүргізілген жұмыстар барысында археолог, тарихшы, ос­теолог, топырақтанушы, архитектор, геофизик ғалымдардан құ­рал­­ған экспедиция кешенді ар­хео­­логиялық және пәнаралық зерт­­теу әдістерін пайдаланып келе­ді. Көне дәуір куәгерін зерттеуде Қор­қыт ата атындағы универ­ситет­тің «Археология және этно­гра­фия» ғылыми-зерттеу орта­лығы ма­мандарының ұшан-теңіз еңбегін бөле-жара айта кеткен жөн.

Далалық семинар барысында Жанкент қалашығындағы 2016-2020 жылдары бірлесіп жүр­гізілген ғылыми-зерттеулер нәти­­желері, қалашық аумағында ас­панасты музейін ұйымдастыру, ес­керт­­кішті сақтап қалу және қайта қал­­пына келтіру жұмыстары таныс­­тырылып, алдағы уақытта облыс аумағындағы археоло­гия­лық мұраларды, қала типтес ескерт­кіштерде қазба және барлау жұмыс­тарын жүргізу, мониторинг, сараптама жасау, оларды туризм карта­сына қосу, археологиялық парк қалып­тастыру мәселелері талқыланды.

– Биылғы қазба маусымында археологиялық зерттеулермен қа­тар, архитектуралық құры­лыс­­тар­ды тұмшалау, қайта қал­пы­на кел­тіру жұмыстары да қатар жүрді. Мы­­­салы, ескерткіш цита­делінің сол­­­­­­түс­тік қорған қабыр­ғасында 5 мұ­­­нара аршылып, олар­ды жауын-ша­­­шын­­нан қорғау шараларын жаса­­дық. Бір бөлме­нің композициясы жасалып, оғыз дәуірінің тұрмыс-салт дәс­түрінен хабар беретін тарихи мүсіндер қойылған. Осылайша қала­шықтағы үй ежелгі қалпын қайта тапты, – дейді «Археология және этнография» ҒЗО жетекшісі, PhD докторы Әзілхан Тәжекеев.

Бүгінге дейін қалашықтан 200-ге жуық экспонат бүтіндей табы­­лып, облыс музейлері қор­лары­­на өткізілген. Ал қазір қала­шық­тың аумағы толық қорша­лып, «JANKENT» стеласы бой көтерді.

Ғалымдар ескерткіш аумағын­дағы үй-жайлардың, бөлме­лердің жақсы сақталғандығын айтып отыр. Бұл көне қалашық­та архео­логиялық парк қалыптас­тыру­ға мүмкіндік береді.

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу:
Жанкентте далалық семинар · Egemen Qazaqstan