Қазақстан
1 мин оқу 144

52 мыңнан астам адам төлем алды

<p style="text-align: justify;">2020 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдерді 52,3 мың адам алды.</p>

52 мыңнан астам адам төлем алды

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұ­мыстан босатылған қызмет­керге Egov.kz порталында авторизациялану; «Жұмысқа орналас­тыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды  тіркеу» қызметін таңдау; онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет. Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұ­мыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі берілетін болады. Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізге ХЖҚО қызметкері хабарласады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігінің ақпа­раттық жүйесі проактивті фор­матта МӘСҚ-тан төлемді тағайын­дау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібе­реді. Келіскен жағдайда SMS-ха­барламаға жа­уа­п беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Еске сала кетейік, МӘСҚ қа­ражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеген кезеңде оны қолдауға арналған.

Бөлісу:
52 мыңнан астам адам төлем алды · Egemen Qazaqstan