Футбол
1 мин оқу 210

Тарихи финалға жолдама алды

<p style="text-align: justify;">УЕФА Чемпиондар лигасының биыл&shy;ғы маусымы да мәресіне таяп келеді. Лиссабондағы (Португалия) &laquo;Да Луш&raquo; стадионында өткен жартылай финалдың алғашқы ойынында ПСЖ клубы &laquo;Лейпцигті&raquo; ірі есеппен жеңіп, тарихта тұңғыш рет финалға жолдама алды.</p>

Тарихи финалға жолдама алды

Бірінші таймда ПСЖ құрамынан Маркиньос пен Ди Мария бір-бір голдан соғып есепті 2:0-ге жеткізсе, екінші таймның басында Хуан Бернат мергендігімен көзге түсті. Матчтың соңына дейін осы есеп өз­геріссіз қалып, Париж командасы 3:0 нәти­­жесімен жеңіске жетті. Матч барысында Анхель Ди Мария гол соғып қана қоймай, екі голға да ассистенттік жасады.

Осылайша 50 жылдық тарихы бар Фран­цияның «Пари Сен-Жермен» клубы тарихта тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалында ойнауға мүмкіндік алды.

Бөлісу:
Тарихи финалға жолдама алды · Egemen Qazaqstan